martes, 3 de junio de 2008

Парламент Сенаты ағымдағы жылдың республикалық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын қабылдады. ҚР-ның басты қаржы құжаты Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Нақтыланған бюджет бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,3 пайыз төңірегінде, ал инфляцияның деңгейі – 7,9 бен 9,9 пайыз шегінде болады деп болжанған. Әлеуметтің әлсіз топтарын қорғау мақсатында жалақының ең төменгі мөлшері мен базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс 1510 теңгеге ұлғайтылды. Нәтижесінде, екеуі де 12 мың 25 теңгені құрап отыр. Базалық зейнетақы 4810 теңге болып белгіленді. Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферттер 120 миллиард теңгеге артып, 461 миллиард теңгеге жетпек. Жалпы, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру үшін қосымша шығыс көлемі - 30 миллиардқа жуық теңге. Бұдан басқа, серпінді жобаларға 18,5 миллиард, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығына, инвестициялық және іскерлік белсенділікті ынталандыруға 94 жарым миллиард теңге бөлінбек. Білім беру мен мәдениет нысандарының құрылысына 23 миллиардқа жуық теңге қарастырылды. Айта кететіні, Премьер-министр Сенатта жасаған баяндамасында салық және бюджет кодекстерінің жаңа нұсқаларының мән-мағынасына көбірек тоқталды. Еліміздің үкімет басшысы жаңа кодекстер бойынша жаз бойы жұмыс істейтіндерін айтып, депутаттарды ұсыныстарын қазірден беруге шақырды.

lunes, 2 de junio de 2008

La prensa desde distintos puntos de vista

Las noticias se ven de diferente manera dependiendo desde donde las mires o de quien te las cuente. Desde siempre cada perioico ha defendido a su patido político o a su equipo de fútbol. Por ejemplo, en el ámbito político: el Mundo es del PP, mientras que el País es del PSOE, y en el ámbito futbolístico: el Marca es del Real Madrid y el Sport del Barcelona.